Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады25 қазан – Тәуелсіз ел тарихындағы таңдаулы күн. Араға 13 жыл салып қайта жаңғырған Республика күнінің маңызы туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров айтып берді.
Депутат Егемендік Декларациясы мемлекеттіктің негізгі бастамасы деп санайды.
«Декларация қабылдаған уақытта ШҚО-дағы Тарбағатай ауданындағы мектепте ұстаздық қызметте жүрдім. Тарихи жаңалықты теледидардан көріп, радиодан естіп, жерлестерім мен әріптестерім ерекше қуанышпен қабылдады», – деп еске алды Ерлан Саиров.
Мәжіліс депутаты Декларацияның қабылданған кезінде заман құбылмалы болғанын тілге тиек етті.
«Тағы бір айтатын жайт, бұл уақытта Қазақстанда қазақ ұлтының саны 40 пайызды құрады. Ұлттық мәселелерді көтеріп, шешу өте қиын болатын. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Кеңестің мінберінде Декларацияны қорғап, тұщымды ойларын ортаға салып, көпті сендіре білді. Сол кездегі халық қалаулылары, ұлт зиялылары қолдады. Соның нәтижесінде ұлттық сипаты ерекше Декларация қабылданды. Бұл – сол кездегі үлкен жетістік болды, әрі егемендікке жол салды», – деді халық қалаулысы.
Президент айтқандай, егеменді ел болу оңай емес, ал Тәуелсіздікті сақтап, нығайту аса маңызды міндет.
«Береке-бірлік болмаса Тәуелсіздік баянды болмайды. Қазақстанның басты құндылығы – Тәуелсіздік және оның териториялық тұтастықты сақтау. Жастардың санасына осыны сіңіру аса маңызды міндет. Осындай құндылықтарды сіңіруде Республика күні маңызды рөл атқаратынына сенемін», – деп жүрекжарды лебізін білдірді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.
Тәуелсіздікке бастаған тұңғыш төлқұжаттың маңызы зор. Ұлттық мерекенің жоғары деңгейде атап өтілуі мен қайта жаңғыруы аса маңызды қадам. Осы сәттен бастап, егеменді Қазақстан еңсесі биік, өзгелермен терезесі тең дербес мемлекет ретінде танылды.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді