13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Ресми дерекке сенсек, таңдау құқығы берілген азаматтардың 67 пайызы дауыс беруге келген. Солардың арасында Алматы шаһары ең төменгі көрсеткішке ие. Сарапшылардың пікірінше бұл үлкен шаһарлар үшін қалыпты жағдай. Бұл туралы брифинг барысында Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті, экономист, қоғам белсендісі Бекнұр Кисиков айтты,- деп хабарлайды El.kz cайты BAQ.KZ сілтеме жасап.
Қоғам белсендісінің айтуынша, Алматы қаласы бұған дейінгі сайлауларда да ауыз толтырып айтарлықтай жоғары көрсеткішке жетпеген.
– Бұл ірі қалаларға тән феномен. Мысалы, Нью-Йорк, Ыстамбұлдың нәтижелері сайлауда төмен. Алматы да сондай феноменге кіріп тұр деп ойлаймын. Дегенмен референдум көпшіліктің қызығушылығын оятты. Мәселен, қалада жұмыс істеп жүрген өзге аймақтың адамдары да дауыс беру мүмкіндігі пайдалана алмады. Көбі тіркеу талонын алдын ала алмаппыз деп өкініп отыр. Мұның барлығы референдумға деген қызғушылықтың болғанын дәлелдейді. Аздаған кемшіліктер болған шығар, бірақ референдум жақсы деңгейде өтті. Мереке күн сияқты ерекше жағдайда өтті,-деді Б. Кисиков.
Сонымен қатар ол дауыс беру барысын келешекте сандық технологияға көшіру қажеттігін айтты.
– Сандық технологияның қазір де әсері бар. Онымен дауыс беру ыңғайлы, көптеген әлеуметтік желінің барлығы біздің өмірімізге әсер етуде. Сондықтан дауыс берудің осы тәсілін де ескеру қажет,-дейді ол.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды