29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Бағдат Мусиннің министрлік қызметінен босатылғанына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенаттың кулуарында журналистердің бірі Асхат Оразбекке «Күні кеше ғана басшыңыз Бағдат Мусин отставкаға кетті. Қызметтен кетуіне не түрткі болды? Жазбасында өзі отставкаға бергені туралы айтылды, ал бұған дейінгі жазбаларында мәжбүрлі түрде кетті деп көрсетілді. Осының анық-қанығын айтсаңыз» деп сұрақ қойды.
Менде ақпарат жоқ. Ол өзі шешім қабылдады. Бізге ештеңе айтқан жоқ, - деп жауап берді вице-министр.
Сондай-ақ Асхат Оразбекке «министрдің жұмысына қандай баға бересіз?» деген сұрақ қойылды.
Министрдің жұмысына халық баға береді. Мен үшін жақсы басшы болды. Кәсіби маман, өзінің саласын біледі. Онымен жұмыс бабында жақсы қарым-қатынаста болдым. Маған дауыс көтерген емес, - деді ол.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек