Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұған қатысты сайлаушылар өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков сайлауға барып, өз таңдауын жасап келген.
Сағат 11:00-де сайлауға барып, дауысымды бердім. Сайлаушылар қауымы көп болды. Жұртшылық осындай сайлауды сағынып қалған сияқты. Өйткені бұл жолғы сайлау ерекше өтіп, бірқатар үміткер қатысып жатыр. Сол сайланатын кандидаттар күн-түн демей, халықтың қамын жеуі керек. Билікке тәжірибесі мол, жан-жақты депутаттар сайланады деп күтемін, - деді сәулетші.
Ал жазушы-драматург Роза Мұқанова болса, депутаттар сайлауымен Қазақстанның жаңа дәуірі басталды деп отыр.
Сайлауға таңертең ерте тұрып, сағат 09:00-ге дейін барып дауыс берген сайлаушылардың бірі мен болдым. Биылғы депутаттар сайлауы жаңа бағыт алды. Ол Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың істеп жатқан саяси реформаларының нақты көрінісі. Елімізде өткізіліп жатқан сайлаулар арқылы биліктің күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет дегенге қолжеткізгеніне көзіміз жетіп отыр. Менің түсінігімде бүгінгі болып жатқан сайлау – қоғамдағы сананың жаңғыруы. Бұл кезең – Қазақстанның жаңа дәуірі, - деді ол.
Көлік және коммуникация колледжінің директоры Зулфухар Гаипов та сайлау учаскесіне барып, таңертең өз дауысын беріп келген.
Сағат 09:30-да сайлауға барып, өз таңдауымды жасап келдім. Сайлаудың өту барысына көңілім толды. Себебі сайлау учаскесінен халықтың саяси белсенділігін көре алдым. Бұл сайлаудың басқа сайлаулардан ерекшелігі бар. Осы жолы елімізде жүріп жатқан саяси реформалар өзінің жемісін бере бастады. Нәтижесі ретінде Конституциялық заңға енген өзгерістер мен аралас сайлау жүйесін атап кетсе болады, - деді директор.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады