13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанда өтіп жатқан сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілген.
Дауыс беру барысын отандық байқаушылармен қатар, шетелдік және халықаралық ұйымдардың өкілдері де бақылап отыр.
Сайлауға халықаралық байқаушылардың рекордтық саны тіркелген. Биыл дауыс беру процесін 42 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан келген 777 байқаушы қадағалауда.
Халықаралық байқаушылар миссиясының құрамы да ауқымды. Олардың қатарында ТМД байқаушылар миссиясы, ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы, Еуропа Кеңесі және Түркі академиясының өкілдері бар.
Осылайша, Қазақстандағы дауыс беру барысын саяси жүйесі мен сайлау процесін бағалау тәсілдері әртүрлі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері бақылап отыр.
Сонымен қатар сайлау учаскелерінде отандық ұйымдардан 80 мыңға жуық байқаушы жұмыс істейді. Орталық және аумақтық сайлау комиссиялары жалпы 258 ұйымды аккредиттеген.
Сайлау науқанының ашықтығы Орталық сайлау комиссиясының жұмысы барысында да қамтамасыз етілді. Комиссия отырыстарына халықаралық байқаушылар, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыстарға еліміздің барлық өңіріндегі аумақтық сайлау комиссиялары да қосылып, жиындар онлайн режимде тікелей көрсетілді.
Осылайша, сайлау процесінің барлық кезеңінде қоғамдық және халықаралық бақылауға мүмкіндік жасалып отыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды