Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТЖМ еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран және көктайғақ күтіледі.
ТЖМ мына қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- әсіресе түнде және дауылды ауа райында алыс қашықтыққа сапарлар мен жаяу жүруден аулақ болыңыз;
- ауа райы жағдайлары мен көлік құралдарының қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз;
- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратқа бару керек;
- ағаштардан, ілулі құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
- жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар