Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Нұрасыл Болат әскери бөлім бастығының бұйрығын орындаудан бас тартып, әскери бөлімнен қашып кеткен еді. Сот 2 шілдеде әскери қызметші, қатардағы жауынгер Нұрасыл Болат Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне өтуге міндетті екенін анықтады.
Алайда, ол лейтенант А. жеткізген бөлім командирінің бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартты және әскери полиция басқармасының ғимаратына келген көлікпен қашып кетті, - делінген сот мәліметінде.
Сот ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Нұрасыл Болатты кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары