Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБелгілі депутат және қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев өзіне қатысты айтылған сындарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы уақытта Мұқаевтың «Декретке миллионмен» курсына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылып жүр. Оны курс сатып байыды, болашақ аналарды заңсыз декретке шығарды деп айыптағандар да табылды. Осыған байланысты депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.
Мұқаев өз мәлімдемесінде аталған курсты 2023 жылға дейін жүргізгенін растады, бірақ оның заңсыздыққа итермелемегенін баса айтты.
2023 жылға дейін «Декретке миллионмен» сабағымда бар нәрсені түсіндіргенім үшін кей адамдар ғайбат айтып жатыр. Бірақ олар 100% менің сабағыма қатыспағандар! Сондықтан мені босқа қаралап, өзіңізге күнә арқаламаңыздар!"– деп жазды ол.
Депутат курс барысында ешқандай заңсыз әрекетті үйретпегенін, керісінше, ресми ақпаратты халыққа түсінікті тілде жеткізгенін алға тартты. Сонымен қатар, egov.kz сайтындағы заңды мәліметтерге сүйенгенін айтып, дәлел ретінде сілтемені де көрсетті.
Дәулет Мұқаев курс барысында жалған кәсіпкерлікке бармау керектігін бірнеше рет ескерткенін атап өтті.
Менің 2 сағаттық видео сабағымда 1 емес, 7 рет өтірік ИП ашпаңыздар деп ескерткенмін! – деді ол.
Сондай-ақ, egov.kz сайтында бір реттік төлем ретінде 1 миллион теңге емес, заңды түрде 2,5 миллион теңгеге дейін алуға болатыны көрсетілгенін мәлімдеді. Осылайша, депутат өз курсының тек ақпараттық сипатта болғанын және заңсыз әрекеттерге шақырмағанын айта келе, өзін сынағандарға негізсіз айып тақпауды өтінді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады