6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасы аясында мадридтік «Реалға» қарсы өткен матчы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
18 жастағы футболшы матчтан кейінгі сұхбатында ойын ортаға салды.
Меніңше, бұл жерде физикалық дайындық та әсер етті. Бірақ халықаралық тәжірибе жетіспейді. Себебі мұндай деңгейдегі ойындарға сирек қатысамыз. Сол себепті мұндай командалармен кездескенде тек тәжірибенің аздығы кедергі болып тұр деп ойлаймын, – деді Сәтпаев Qazsport арнасында берген сұхбатында.
Еске салайық, Алматыда өткен тарихи кездесуде «Қайрат» «Реалдан» 0:5 есебімен ұтылды.
Дастан Сәтпаев алаңда 80 минут ойнады. Соңғы он минутта оның орнына бразилиялық шабуылшы Рикардиньо шықты.
Жас вингер ойын барысында 3 соққы жасады (соның біреуі қақпаға тиді), 10 пас берді (жетеуі дәл), қарсыластың айып алаңында 3 рет допқа бірінші болып жетті. Дегенмен ол жалпы есепте 5,7 ұпай алды, бұл – «Қайрат» сапындағы ең төмен баға.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі