Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандық жас футболшы Дастан Сатпаевтың ойынына шетелдік мамандар жоғары баға беріп жатыр. Ағылшын сарапшысы Александр Голдберг қазақстандық шабуылшының алаңдағы әрекетіне ерекше назар аударды.
Сарапшы Сатпаевтың оң қанаттағы (RW) ойынын атап өтіп, оның матч барысында екі бағытта да белсенділік танытқанын жазды.
«Мынаған назар аударыңыз... Дастан Сатпаев бүгін алаңдағы барлық ойыншының арасында жеңіп алған жекпе-жек саны бойынша көш бастады. Ол төрт мүмкіндіктің төртеуінде де жеңіске жетті. Қалған ешбір футболшы үштен артық жекпе-жек ұта алмады. Сонымен қатар ол доппен алға жылжу көрсеткіші бойынша да матч көшбасшысы болды. Оң қанатта ойнағанына қарамастан, алаңның екі бөлігінде де үлкен әсер қалдырды. Шынымен де, өте әсерлі», – деп жазды Александр Голдберг.
Бұған дейін ағылшын сарапшысы қазақстандық футболшының ойын мәнерін Криштиану Роналдумен салыстырып, Сатпаевтың оның позициясына мінсіз сәйкес келетінін атап өткен еді.
18 жастағы Дастан Сатпаев биыл жазда қазақстандық Қайраттан Челсиге ауысты. Алайда лондондық клуб оны бірден тәжірибе жинақтау үшін Бернлиге 2026/27 жылғы маусымға жалға берді.
Сатпаев «Челси» сапында да бір гол соғып үлгерді. Енді қазақстандық шабуылшы Англия чемпионатында «Бернли» құрамында өнер көрсетіп, өзінің жоғары деңгейдегі мүмкіндігін дәлелдеуге тырысады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?