Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан ресми түрде Лондонның «Челси» ойыншысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәміле сомасы 4,3 миллион еуроны құрады, ал ойыншының өзі үшін келісімшарт айына 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) мөлшерінде жалақыға кепілдік береді. Осылайша, бұл Қазақстан футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болып отыр.
Алайда 2026 жылға дейін Сәтпаев өзінің туған клубы «Қайратта» өнер көрсетеді, сөйте тұра «Челси» жаттықтырушысымен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейтін болады. Ал оның матчтарға қатысуы Лондон клубымен келісіледі.
Келісімшартта ойыншының жалақысы ата-анасына жіберіледі, ал Дастанның өзі бұл қаражатқа 22 жасқа толғаннан кейін ғана қол жеткізе алады деп жазылған. Жас футболшы кәмелетке толғанға дейін Қазақстанда болады, содан кейін «Челсиге» ауысады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар