23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаев Англияның «Челси» клубы сапындағы екінші жолдастық кездесуіне қатысты. Лондондық ұжым бұл жолы тағы бір ағылшын алыбы – «Тоттенхэммен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліс тапты, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
19 жастағы қазақстандық футболшы матчтың 70-минутында алаңға шығып, шабуыл шебінде ойын көрсетті. Қысқа уақыт ішінде бірнеше шабуылға қатысып, команда ойынына серпін беруге тырысқанымен, есепті өзгертуге мүмкіндік болмады.
Еске салайық, Дастан Сәтбаев биыл жазда алматылық «Қайраттан» Англияның әйгілі «Челси» клубына ауысқан болатын. Бұл трансфер қазақстандық футбол тарихындағы ең маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.
Айта кетейік, Сәтбаев жаңа командасындағы алғашқы жолдастық матчында-ақ көзге түсіп, дебюттік ойынында алғашқы голын соққан еді. Осылайша ол жанкүйерлер мен бапкерлердің назарын өзіне аударып, «Челсидегі» мансабын сәтті бастаған болатын.
Жас шабуылшының Англия футболына бейімделуі жалғасып жатыр. Алдағы кездесулерде оның ойын уақыты артып, негізгі құрамнан орын алуға таласуы күтіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады