Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков Италияда өткен толық Ironman жарысын еңсерген алғашқы қазақстандық әртіс атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025 жылдың 20 тамызында Италияның Червия қаласында «Орда» тобының солисі Дастан Оразбеков әлемдегі ең күрделі жарыстардың бірі саналатын толық Ironman қашықтығын сәтті аяқтады. Осылайша ол бұл сынақты еңсерген алғашқы қазақстандық өнер иесі болды.
Ironman жарысы 3,8 км жүзу, 180 км велосипед және 42,2 км марафоннан тұрады. Өнер иесінің өзі мұны тек спорттық жетістік емес, алдына қойған үлкен мақсат пен рухани жеңіс болды.
«Спорт және Махаббат» атты ұстанымен жүргеніме бес жыл өтіпті. Осы уақыттың ішінде жоспарымның төрттен бір бөлігін орындаппын, алда әлі талай жарыстар мен жеңістер күтуде. Бірге болайық, достар! – делінген мәліметте.
Оның айтуынша, өмірге, жұмысы мен жақындарына деген махаббат адамға кез келген қашықтықты бағындыруға күш береді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар