Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Біздің партиямыздың экономикалық, әлеуметтік бағыты жоғары. Ең алдымен экономика мен әлеумет дегенді дұрыс түсініп алуымыз керек. Бүгінгі таңда еліміздің 90 пайызы әлеуметтік мәселені құрап отыр. Әсіресе, қарапайым тұрғын үй мәселерінде жол жоқ, жылу жоқ және тағы басқаларын айтуға болады. Біз сайлау науқанында қаншама халықпен кездестік. Өңірлердегі бір тұрғынымыз өзінің авто салонын салып жатыр екен. Әріптестерге айтарым, кәсіпкерлікті дамыту дегеніміз монополияны қолдау емес,ол дарынды адамдарды қолдау, іскер адамдарды қолдау.
Дарынды адамдардың мүмкіндіктері мен еңбек аясын жетілдіруіміз керек. Ал біздің еліміз бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту аясы 15 пайызға да жетпейді. Бүгінгі күні қоршаған ортаға әкеліп отырған 364 млн тонна СО2-нің 48 пайызын 120 кәсіпорын жасап отыр. Біздің ауруға шалдығып отырған азаматтарымыз, қаншама жастар қатерлі ісік ауруымен ауруда.
Өңірлерге назар салсақ, көбінесе Қарағанды, БҚО, Теміртау өңірлерінің тұрғындарының денсаулығы нашарлаған. Біз қоршаған ортаға зиян әкелдік. Адамның денсаулығы мен әлеуметті ойламадық, міне сондықтан біздің партиямыздың мақсаты «Жасыл экономиканы» дамыту, оған инвестиция саламыз», - деді Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары