Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС шеңберінде ем алатындарды қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істемек. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вице-мнистрдің сөзінше, дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету құралдарының бірі бұрын дәрі-дәрмектің құнына енгізілген қосымша шығыстарды алып тастау болады: маркетинг (30%-ға дейін), көлік (15%-ға дейін) және сапаны бағалау шығындары.
Үстеме бағалардың регрессивті шкаласын қайта қарау нәтижесінде оларды қолдану шегі айтарлықтай төмендеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде олар 20%-ға дейін, көтерме сату үшін 25%-ға, ал бөлшек сауда үшін 30%-ға дейін (бұрын 55%-бен салыстырғанда), – дейді.
Егер бастапқы препарат нарықта болмаған жағдайда, отандық аналогтың шекті құны импортталатын дәрілердің орташа бағасынан аспауға тиіс. Мұндай саясат бәсекелестікті ынталандыруға және барлық тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ете отырып, отандық өндірушілер үшін жағдайларды жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Вице-министр сондай-ақ фармацевтикалық нарықта дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, Жол картасы шеңберінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен реттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатқанын еске салды. Осылайша, 2023 жылы бәсекелестік ортаға рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 302 атауы, ал 2024 жылы – рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 952 атауы шығарылды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары