Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДәрілік заттарды таңбалау жүйесі іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның емдеу мекемелері 16,5 миллионнан астам дәрілік заттың қаптамасын, ал дәріханалар 21,5 миллионнан астам қаптаманы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңес барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді. 16 қаңтардағы жағдай бойынша елдің дәріханалары мен медициналық ұйымдары арқылы таңбаланған дәрі-дәрмектердің 12 миллион қаптамасы сатылды.
ДСМ мәліметінше, таңбалау жүйесі әрбір дәрілік заттың өндірілген немесе әкелінген сәттен бастап оның түпкілікті сатылғанға дейінгі қозғалысын қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл контрафактілік препараттардың айналымға түсу қаупін айтарлықтай төмендетеді, медициналық мекемелердің қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуінің ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектерді таңбалау және қадағалау бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге әкеледі.
Тамара Дүйсенова жүйенің басты мақсаты — халықты қауіпсіз және сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ал ашық бақылау Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге медициналық мекемелердің қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Премьер-министрдің орынбасары таңбалау жүйесінің мүмкіндіктері арқылы дәрілік заттардың нысаналы пайдаланылуын қадағалау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді