23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада чемпионы Илья Ильинге тізе буынының жарақатынан кейін академик Нұрлан Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында сәтті операция жасалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі ауыр атлет жаттығу барысында менисктің жыртылуы түрінде жарақат алған. Емдеуге жатқызылғаннан кейін бірден зерттеп-қараудан өтіп, келесі күні оған операция жасалды. Артроскопия және спорттық жарақат бөлімінің травматолог-ортопед дәрігері Нұржан Мұхамеджанұлы Асанов спортшының денсаулығын тез әрі тиімді қалпына келтіруге бағытталған операцияны сәтті өткізді.
Менің көңіл-күйім өте жақсы, емдеу штаттық режимде өтті. Өзімнің емдеуші дәрігерім Нұржан Мұхамеджанұлы Асановқа алғысымды білдіремін, ол өз ісінің нағыз маманы. Көптеген кәсіби спортшылар Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО емделеді және қалпына келтіріледі, қазақстандық травматолог-ортопедтер ең үздік, олар спорттың не екенін біледі, спортшыларды аяғына қалай дұрыс қою керектігін біледі, - деп дәрігерлерге белгілі ауыр атлет Илья Ильин алғысын білдірді.
Қазір Илья өзін жақсы сезінеді және операциядан кейін қалпына келтіруде шешуші рөл атқаратын оңалту курсын алуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік