Дәрігерлер дүниеге сәби әкелген 12 жастағы қыздың жағдайын айтты

25 Шілде, 10:35 8696

Кәмелетке толмаған бала жүктілік кезінде үнемі медицина қызметкерлерінің бақылауында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысының балалар омбудсменінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкаяның пікірі жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 19 шілдеде жедел жәрдем бригадасы толғағы бар кәмелетке толмаған баланы перинаталдық орталыққа жеткізген.

Қыз балаға дереу ота жасалды. Салмағы 3 360 келі, Апгар шкаласы бойынша 9-10 балл қыз бала дүниеге келді. Қазір ана мен бала бірге. Жаңа туған нәресте әзірше жасанды тамақтандыруда, толық тексеруден кейін ол емшек сүтіне ауысады. Ана атанған қыз өзін жақсы сезінеді, әрине, сәбидің де жағдайы жақсы. Қызметкерлер оны бала сияқты күтіп жатыр, барлық жағынан көмектесуге, қолдауға тырысып бағып жүр, - деді Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкая.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде  12 жастағы қыз ана атанған еді.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: