23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Түркістан клиникалық ауруханасында 63 жастағы пациентке тізе буынын заманауи имплантпен ауыстыру операциясы жасалды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Пациенттің артроздан зардап шеккен тізе буыны «XN» имплантымен алмастырды. Операция сәтті өтті, пациент буынды жұмыс істету үшін оңалту кезеңінен өтуі керек.
Дәрігерлердің айтуынша, «Тізе буыны эндопротезінің заманауи импланттары» және «XN» жаңа имплантын пайдалану тақырыбында шеберлік сағаты да өткізілді. Оның ерекшелігі - тізе буыны эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктеріне сүйене отырып, нақты жағдайға байланысты компоненттерді таңдау мүмкіндігін ұсыну.
Болашақта облыстық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімшесі ірі буындар үшін жаңа импланттарды қолдануды енгізуді жоспарлап отыр.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер үшін барлық қымбат эндопротездеу операциялары, сондай-ақ буынды ауыстырғаннан кейін оңалту көмегі тегін жүргізілетінін атап өткен жөн.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік