Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАпаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқыны басталғалы бері ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұрғындарды қарап, медициналық көмек көрсетті.
Көмекке жүгінгендердің жалпы саны 800-ге жуық адам. Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, сондай-ақ ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізуде. Жедел желі телефонына 2 258 қоңырау түсті, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Осы сағатта республика бойынша 41 195 адам өз үйлеріне оралды. 6 377 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.
Елімізде республикалық және барлық өңірде облыстық жедел штабтар жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды