Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс Қазақстан облысында емханада ұрыс шығарған әйел көп мөлшерде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бәйтерек ауданының № 2 аудандық сотында тиісті әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Соттың мәліметінше, оқиға 24 қыркүйек күні сағат 13:30 шамасында Асан кентіндегі емхана ғимаратында болған. Әйел қызы ауырып, ауруханаға барған. Бұл уақытта емханада жарық өшіп қалады.
Осыған байланысты дәрігер анықтама алуға келгендердің күтпеуін сұраған. Әйел дәрігерден қызын тексеруін өтініп сұрағанда, ол назар аудармаған. Әжей кезектен тыс кірген. Дәрігер маска киіп, әйелге қарамай кеткен. Бұл уақытта айыпталушы дәрігерге айқайлады. Медициналық қызметкер отырған үстел бетін ұрды, алайда балағат сөздер айтпаған, - делінген сот хабарламасында.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындамайтынын, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіспейтінін айтты. Соттың шешімімен әйел кінәлі деп танылып, ол 110 760 теңге айыппұл арқалады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?