09.09.2025
08:29
624
Дәрігер ұйқыны жақсартатын қарапайым тәсілді атады

Дәрігер ұйқыны жақсартатын қарапайым тәсілді атады

Диетолог Бет Червонидің айтуынша, түймедақ – ұйқыны жақсартуға көмектесетін табиғи жеңіл транквилизатор. Бұл туралы Daily Mirror басылымы жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Маманның айтуынша, түнде ішілген бір шыныаяқ түймедақ шайы ұйқысыздықтан арылудың қарапайым жолы саналады. Себебі бұл сусынның құрамында жүйкені тыныштандырып, ширығуды басатын апигенин атты зат бар.

Сонымен қатар диетолог түймедақтың күшті терапиялық әсері барын және көптеген аурудың алдын алуға пайдалы екенін атап өтті. Оның айтуынша, өсімдік құрамындағы флавоноидтар, терпеноидтар мен кумариндер қан қысымын бақылауға, бауырды қорғауға көмектеседі әрі қабынуға қарсы және антиоксиданттық әсер береді.