Құлақтың есту қабілетінің төмендеуі — адам өмір сапасына тікелей әсер ететін күрделі мәселе, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл дертке әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін, ал ең жиі кездесетін факторлардың бірі — құлақты мақта таяқшамен дұрыс тазаламау.
Бұл турарлы отоларинголог-дәрігер Полина Вашкевич мәлімдеді.
Көптеген адамдар құлақты тазарту үшін гигиеналық мақта таяқшаларды қолданады. Алайда бұл әдет дұрыс орындалмаса, есту жолдарына ғана емес, барабан жарғағына (құлақтың нәзік мембранасы) зақым келтіруі мүмкін. Егер жарғақ тесілсе (медицинада бұл перфорация деп аталады), ол естудің тұрақты нашарлауына соқтырады. Мұндай жағдайларда кейде тек хирургиялық ем ғана көмектеседі, — дейді маман.
Дәрігер есту мүшелеріне кері әсер ететін екінші маңызды фактор ретінде акустикалық жарақатты атады.
Қатты шу немесе дыбыстың ұзақ әсері — есту жүйесіне үлкен салмақ түсіреді. Мысалы, зауытта, шулы өндірісте жұмыс істейтіндерге күн сайын 80 дБ-ден аспайтын дыбыс ұсынылады. Ал 100 дБ-ден жоғары дыбыстар — есту рецепторларын біржола жоюы мүмкін. Бұл — музыканы құлаққаппен қатты дыбыста тыңдайтын жастар үшін де маңызды ескерту, — дейді дәрігер.
Маманның кеңесі бойынша:
📌 Құлаққаппен музыка тыңдау ұзақтығы — күніне 2–3 сағаттан аспауы тиіс.
Үшінші қауіп тобы — кейбір дәрі-дәрмектердің ототоксикалық әсері. Яғни, олар есту жүйесіне уытты әсер етіп, жүйке жасушаларының зақымдануына әкелуі мүмкін.
Мұндай дәрілерге мыналар жатады:
Көп жағдайда мұндай әсер қайтымды болғанымен, кей кезде тұрақты есту бұзылысына алып келуі мүмкін.
Дәрігер атап өткендей, төртінші қауіпті фактор — вирустық аурулар.
Қызылша, қызамық, тұмау, герпес, сондай-ақ паротит (свинка) тәрізді жұқпалы аурулар есту жүйесіне ауыр асқыну әкелуі мүмкін. Көптеген зерттеулер бұл вирустардың ішкі құлақ құрылымдарын бұзуы мүмкін екенін дәлелдеген, — деді отоларинголог.
Құлақ — өте нәзік әрі маңызды орган. Оның қалыпты жұмыс істеуі тек сыртқы күтімге ғана емес, дауыстың әсері, дәрі-дәрмек таңдауы және вирусқа қарсы қорғаныс секілді кешенді факторларға байланысты.
Бұған дейін құлаққаптың зияны туралы жазған едік.