6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТерапевт-дәрігер Анастасия Якимова күз айларында көкөністерді молынан жеуге шақырды. Қарапайым әрі қолжетімді тәсілді ол РИА Новости-ге берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның айтуынша, қыркүйек айында дүкен сөрелерінде табиғи жолмен піскен көкөністер пайда болады. Мұндай өнімдер құрамындағы дәрумендер мен пайдалы заттардың мөлшері жағынан рекордтық көрсеткішке ие.
Бұл көкөністерді күнделікті тамақтану рационына қосу арқылы күз-қыс маусымында иммунитетті күшейтуге және дәрумен тапшылығынан сақтануға болады, – деді дәрігер.
Якимова күзгі мәзірге ең алдымен қырыққабатты (С дәруменіне бай), сәбізді (бета-каротиннің көзі) және қызылшаны (табиғи антиоксиданттар мен темірге бай) енгізуді ұсынды.
Сондай-ақ ол бұрышты С дәруменінің тағы бір тамаша көзі ретінде атап өтті. Бұған қоса асқабақ пен кәді ас қорыту жүйесін жақсартып, ағзаға пайдалы әсер ететінін айтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі