Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАғзаны күн сайын ақуыздан айыруға болмайды: май мен көмірсудан айырмашылығы, протеин ағзада жиналып сақталмайды. Нутрициолог Тагуи Аветова Kubnews.ru-ға берген сұхбатында ақуыз жетіспеушілігінің бірнеше негізгі белгілерін атады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Терінің бозаруы
Терінің серпімділігі мен тығыздығын сақтайтын негізгі құрылымдық ақуыз – коллаген. Егер ағзада ақуыз аз болса, коллаген де азаяды. Соның салдарынан терінің серпімділігі төмендеп, ұсақ әжімдер пайда болады, құрғақтық пен табиғи жарқырау жоғалады.
Ісіну
Ақуыздар ағзаның су-тұз алмасуына да жауап береді. Олар жасушалар мен тіндердегі сұйықтық деңгейін реттеуге қатысады. Ақуыз аз болған жағдайда бұл процесс бұзылып, ісінулер пайда болады. Әсіресе бетте, аяқта және қолда байқалады.
Шаш пен тырнақтың әлсіреуі
Шаш пен тырнақтың негізгі материалы – кератин. Ол жеткілікті ақуыз түсуіне тікелей байланысты. Ақуыз жетіспесе, шаш пен тырнақ әлсіреп, сынғыш әрі түсуге бейім болады. Ақуызға бай дұрыс тамақтану олардың мықты әрі жылтыр болуына көмектеседі.
Әлсіздік
Ақуыздың қажетті мөлшері болмаса, бұлшықет көлемі азайып, тіпті шағын күш жұмсаудың өзі шаршататын болады. Ақуыз тапшылығы жалпы әлсіздікке, сондай-ақ салмақтың күрт азаюына немесе артуына әкелуі мүмкін.
Дәрігердің айтуынша, ақуыз жетіспегенде, тәттіге деген қатты құмарлық пайда болады, ас қорытуда қиындықтар туындайды. Сондай-ақ жаралардың жазылуы да баяулайды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады