Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрTicketоn сайты соңғы аптада ең көп касса жинаған фильмдердің тізімін жариялады. Алғашқы орында «Моана 2» анимациялық фильмі тұрса, екінші орынға «Таптым-ау сені 2» фильмі жайғасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең көп қаралым жинаған фильмдердің көшін «Моана 2» бастап тұр. Оның осы аптадағы кассалық табысы 718 104 231 теңге болды.
Дариға Бадықованың фильмі 579 277 378 теңгелік кассалық табысымен екінші орынға шықты.
Бұл аптада «Гладиатор 2» 98 424 695 теңге табысымен үшінші орынға жайғасты.
Аталған фильм 41 237 170 теңге табыс тапты. Басты рөлдердің бірін халықтың сүйіктісіне айналып үлгерген әнші Ариана Гранде сомдады.
Тізімдегі бесінші орында 21 773 960 теңгелік кассалық табысымен «Миссия: Красный» фильмі тұр.
Жоғарыда аталған отандық фильм осы аптада 15 142 140 теңге жинады.
Бұл фильм 14 064 180 теңгемен жетінші орын алды.
Халықтың біраз талқысына түскен «Нурикамал» фильмі осы аптада 13 221 624 теңге кассалық табыс тапты.
Тоғызыншы орынға 12 956 450 теңгемен «Кеттік бәрін таста» фильмі жайғасып, апта тізімін қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін актриса, продюсер Дариға Бадықова «Моана 2» фильміне барған қазақтарға ренжіген еді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова