Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАктриса Дариға Бадықова «Динамен дұрыс» бағдарламасына берген сұхбатында алғаш түсірген фильмі жайлы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Актриса болудан гөрі продюсер болу қиын. Себебі бәріне жауапты боласыз. Дүниеңді қорғап алу, оны нарыққа шығару үшін қаншама адаммен қарым-қатынас орнатып, байланысу қажет, - деді актриса.
Бұл жолы Дариға Бадықова көрерменге мүлде басқа қырынан танылмақ.
Мен басқа образды ойнаймын. Кейіпкерім еркекшора, тілге онша жоқ. Үндемейді, көбіне өзіне алған жауапкершілігін ішіне жұтады, - деп атап өтті ол.
Актрисаға кино түсіру туралы идея Тайландта жүргенде келген.
Фильмді 108 миллион теңгеге түсірдім. Оны әкеме және ұстазыма арнадым. Әкемді қатты сағындым, басына бармай кеттім. Құдайға қатты сенемін және олардың киноны көретіндеріне сенемін. Осы екі кісі менің өмірімдегі басты жандар, - дейді Дариға Бадықова.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар