Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕліміздегі дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін тежеу үшін Көтерме және бөлшек сауда нарығы жылына екі рет дәрі-дәрмектердің шекті бағасын бекітеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол дәрілік заттарға шекті бағаны қалыптастыру үшін тетіктер көзделгенін атады.
«Көтерме және бөлшек саудаға арналған дәрі-дәрмектердің шекті бағасына келетін болсақ, Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен 6 715 дәріге шекті баға бекітілді. Бұл ретте, қолданыстағы 4 296 дәрі бойынша өткен жылдан бері шекті баға өзгерген жоқ. 1 918 дәріге өндіруші зауыт бағасының өсуіне байланысты бағалар орта есеппен 30% өсті. 501 дәрі бағасы орта есеппен 7% төмендеді», - деді вице-министр.
Дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаны көтергендер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын бақылау шеңберінде 2020-2022 жылдары 243,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасының шекті бағадан асып кетудің 911 факті анықталғанын атап өтті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары