13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі І Халықаралық медиа және туризм форумында айтты, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің бай даламызда асқар тау-асау өзендер де, жыныс орман да, айнадай көлдер де, құмды шөлдер де жетерлік.
Осы Алматы облысының өзінде жұртқа таныс Шарын шатқалы, Үлкен Алматы көлі, Түрген сарқырамаларынан өзге Айғай құм, Бұрхан-Бұлақ сарқырамасы, Ақбұлақ, Ойқарағай, Табаған, түркі дәуірінің бірегей ескерткіші Тамғалы тас қатарлы қаншама ғажап жерлер бар. Біз осы сан қырлы табиғатымызды қаншалықты насихаттап жүрміз? - деді министр.
Ведомство басшысы табиғатымыздың сұлулығын көрсетуге шақырды.
Біз осы сұлу жерімізді көрсетіп, әр жердің өзгеше табиғатын, өз ерекшелігін түсіріп, насихаттаған жөн деп ойлаймыз. Осыған байланысты арнайы деректі фильмдер желісін түсіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қоса, экологиялық сауаттылық, демалыс мәдениеті, экожүйемен үйлесім мәселелерін де үнемі назарда ұстаған абзал. Біз қазір сериалдарымызда осы туралы көбірек көрсетіп, мүмкіндігінше еліміздің бай табиғатын ретімен насихаттауға тырысып келеміз. Қысқасы, БАҚ саласы ел туризмінің де бағына айналуға тиіс деп санаймыз, ,- деп толықтырды министр.
Қонаев қаласында өтіп жатқан форум Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан сияқты шет мемлекеттерден келген 200 медиа маманның басын қосты.
Форум "Туризм мен жаңа коммуникацияларды дамытудағы БАҚ-тың маңызы", "Қазақстандағы туризм: даму келешегі мен мүмкіндіктер", "Медиа. PR және туризм индустриясы", "Синтетикалық медиа: контент қалыптастырудағы нейрожүйе" сынды тақырыптарды қамтиды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды