Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жүздесу түрік тарапының бастамасы бойынша Өкілетті елшінің миссиясының аяқталуына орай өтті.
Жиын барысында Дархан Қыдырәлі ҚР Президенті жүргізіп жатқан реформалар туралы және министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша ақпарат берді.
«Кейінгі үш жылда қазақ-түрік қатынастары одан әрі нығайып, қос тарап түрлі салаларда, әсіресе медиа, жастар саясаты бағытында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асты", - деді министр.
Өз кезегінде Уфук Экиджи мырза министрліктің құзіретіндегі салалардың қызметіне жоғары бағасын берді.
Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Уфук Екиджи мырзаның дипломатиялық миссияның аяқталуына орай, алдағы маңызды әрі жауапты қызметтеріне толайым табыстар тіледі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары