Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіАқпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Astana Media Week-2022 апталығына келген TikTok компаниясының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Кездесу барысында министр Анастасия Панинаны Қазақстандағы TikTok басшысы болып тағайындалуымен құттықтады.
Қазіргі кезде TikTok платформасында қазақ тіліндегі контентке деген сұраныс көбейіп отыр. Бұл орайда компания өкілі желіге қазақ тілін орнату жайы қарастырылып жатқанын әрі осы күзде Қазақстанда TikTok офисі ашылатынын жеткізді.
Министр TikTok өкілдерімен ақпарат, жастар, отбасы және азаматтық қоғамды дамыту бойынша креативті контент және заманауи сапалы жобалар жасауға уағдаласқандығын жазды.
Оған қоса баспасөз хатшыларын оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру, әлеуметтік желіні тиімді қолдану жағынан ортақ тренингтер ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласуды ұсынды. Компания өкілі мұны құптады.
Сонымен бірге А. Панинаны жуырда өтетін Орталық Азия медиа форумына шақырды. Мәртебелі мейман министрдің шақыруын қабыл алып, ауқымды іс-шараға қатысуға ынталы екенін айтты.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы