20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісДархан Қыдырәлі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Бас хатшысымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Қайрат Шораұлын Азия кеңесі саммитінің жоғары деңгейде өтуімен құттықтап, Орталық Азия форумына шақыруымызды қабыл алып, белсене қатысқаны үшін ризашылығымды жеткіздім.
Саммит қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Жастар кеңесі аясында 2024 жылы Қазақстанда волонтерлік қозғалыстар көшбасшыларының слётін өткізуді тапсырғаны белгілі. Бұл ретте халықаралық волонтерлікті дамыту бойынша ынтымақтаса жұмыс істеуге мүдделіміз.
Кездесу барысында Азия кеңесімен ортақ ақпараттық кеңістік құру, жастар және дін саясаты бойынша бірлесе жұмыс істеуге уағдаластық. Осы мақсатта бірқатар ұсыныстарымызды ортаға салып, ой-пікір алмастық.
Қайрат Шораұлына Азия кеңесін трансформациялау міндетін жоғары деңгейде атқарып, табысты қызмет ете беруіне тілектестік білдірдім", деп жазды министр.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?