Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАкадемик Дархан Қыдырәлі Димаш Құдайбергенге көне қобыздың ғылыми көшірмесін сыйға тартты. Бірегей олжа 2014 жылы археологиялық экспедиция кезінде табылған болатын. Аталмыш қобыз VI-VII ғасырлардан қалған мұра деген болжам бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com-ға сілтеме жасап.
Экспедицияны сол кезде Халықаралық Түркі академиясының президенті болған Дархан Қыдырәлі басқарған болатын. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде – ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылды. Ал, II-VII ғасырларға тән бұл аймақтар ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды танып-білуге негізгі кілт көзі болды.
Қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылды.
Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінгі күнге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол тек қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтардың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз бұл қобызды ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра ретінде шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік, – дейді Дархан Қыдырәлі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары