22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміз бойынша архив қоймаларының толу көрсеткіші 90%-дан асады. Кейбір өңірлерде 100% толып қалуына байланысты құжаттар сақтауға қабылданбайды. Сенатор Дархан Қыдырәлі осы мәселе туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенатор өзінің депутаттық сауалында салада проблемалар жеткілікті екенін және оларды шұғыл шешу қажет екенін атап өтті.
Айтуынша, мұрағат басқармаларының 98%-ы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін ғимараттарда орналасқан.
2022 жылы қаңтар айында Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Тараз қалаларының ведомстволық архивтері отқа оранды. Түрлі апаттар мен төтенше оқиғалар болған жағдайда құжаттарды эвакуациялайтын арнайы орындар мүлде жоқ, - деді сенатор.
Сондай-ақ ол елде 229 мемлекеттік және арнайы мұрағат жұмыс істейтінін атап өтті. Олар кәсіби кадрлардың жетіспеушілігін қатты сезінеді. Өңірлерде кадрлар ауысымы 50%-ды құрайды. Жалақы аз, жүктеме көп болғандықтан маман тұрақтамайды.
Архив саласындағы ахуалды саралай келе төмендегідей сауалдар туындайды. Архивтерді тиісті ғимараттармен қамтамасыз ету бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? Төтенше жағдайларда архивтерді эвакуациялайтын орындар мен нақты пысықталған жоспар бар ма? Өңірлерде, оның ішінде жаңадан құрылған облыстарда архив саласын дамыту үшін республикалық бюджеттен трансферттер бөлу көзделген бе?, - деп сұрады Дархан Қыдырәлі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев