23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАздаған күннен кейін Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода жазғы Олимпиада ойындары басталады. Назарларыңызға Қазақстан ұлттық құрамасының белді спортшыларының өмірінен деректер ұсынамыз.
Данияр Маратұлы Елеусінов 1991 жылы 13 – наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданында дүниеге келген.
Данияр — әкесі Марат Елеусіновтың қол астында жаттығады.
69 келі салмақта өнер көрсетеді.
2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы.
2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті.
2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы.
2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы.
ҚР Кубогы-2012 чемпионы.
Данияр Елеусінов – қазақ тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында екі мәрте жеңіске жеткен боксшы.
2012 жылы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
2013 жылы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатында алтынан алқа тақты.
2014 жылы Данияр Елеусінов Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанып, Қазақстан бокс федерациясының шешімімен жылдың ең үздік боксшысы атанды.
2015 жылы Дохада өткен әлем біріншілігінде 22 жасар Марокколық боксшыдан есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Рио-2016 жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, команда капитаны.
«Егер біз әлдебір жарысқа аттанар алдында алдымызға не күміс, не қола аламыз деп шығатын болсақ, онда қателескеніміз. Одан да сол жарысқа бармай-ақ қойған абзал. Егер мақсатты жоғары қоймасақ, қарсыластан тайсақтаймыз дегенмен бір. Қорықсаң, шаршы алаңға шығып керегі не?! Адам мақсатты жоғары қою керек, сонда ғана босаңсуға жол жоқ!» Данияр Елеусінов
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады