6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТашкентте дзюдодан басталған Гранд Слэм турнирінде Данияр Шамшаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
73 келіде белдескен отандасымыз ресейлік Махмадбек Махмадбековті жеңіп, ширек финалда басым түсті. Ол бұған дейін іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарын ұтқан болатын. Енді ол жартылай финалда Ресей балуаны Данил Лаврентьевпен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 81 келіде Ресей балуаны Давид Карапетянды ұтқан Абылайхан Жұбаназар 1/8 финалда мароккалық Ашраф Моуитимен белдеседі.
Бұдан бөлек, 73 келіде Асқар Нарқұлов Польша балуанына жол берсе, 81 келіде Руслан Мұсаев Өзбекстан балуанынан ұтылып қалды. Әйелдер арасында 63 келіде Кристина Сотникова Италия балуанынан айласын асыра алмады. Осы салмақта күресуі тиіс болған Есмигүл Құйылова татамиге шыққан жоқ. Ташкент турнирінің алғашқы күнінде 48 келіде қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен бірге, Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов жарысты 7-орынмен аяқтады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі