7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ташкентте өтіп жатқан Гранд Слэмі турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық Данияр Шамшаев жартылай финалдық сында ресейлік балуанға есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
73 келіде белдескен отандасымыз дейін іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарын ұтқан болатын. Ал ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековтен басым түсті. Алайда жартылай финалда Ресей балуаны Данил Лаврентьевке есе жіберді.
Сондай-ақ, 81 келіде Ресей балуаны Давид Карапетянды ұтқан Абылайхан Жұбаназар 1/8 финалда мароккалық Ашраф Моуитиді қапы қалдырды. Енді ол жартылай финалдың жолдамасы үшін Омар Бажаблимен сынға түседі.
Бұдан бөлек, 73 келіде Асқар Нарқұлов Польша балуанына жол берсе, 81 келіде Руслан Мұсаев Өзбекстан балуанынан ұтылып қалды. Әйелдер арасында 63 келіде Кристина Сотникова Италия балуанынан айласын асыра алмады. Осы салмақта күресуі тиіс болған Есмигүл Құйылова татамиге шыққан жоқ. Ташкент турнирінің алғашқы күнінде 48 келіде қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға шығып, күміс жүлдеге ие болған еді. Сонымен бірге, Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов жарысты 7-орынмен аяқтады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?