6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОтандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Данияр Елеусінов – Дана Уайттың жаңа бокс лигасымен келісімшарт жасаған алғашқы қазақстандық боксшы, - деп хабарлады All Stars Boxing промоутерлік компаниясы.
Жақында Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірге жаңа бокс лигасының құрылғанын жариялаған болатын. Бұл жоба қазіргі төрт ірі бокс ұйымының жүйесінен ерекшеленеді. Онда әр салмақ бойынша тек бір ғана чемпион болады.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов – IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Ол осы наурыз айында Астанада өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізуі керек болған. Алайда бұл жекпе-жек өтпей қалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі