Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарКәсіпқой боксшы, олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жалақы дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
КТК телеарнасының мәліметінше, ол спорт мектебінен 1,5 жыл бойы заңсыз алып келген жалақысын қайтарып, жұмыстан шығып кеткен.
Жақында ғана бір жарым жыл бойы алып келген жалақының барлығын кері қайтардым. Осылайша, спорт мектебіндегі жұмыстан шықтым. Енді ол жерде жұмыс істемеймін. Салық мекемесіне барып, арнайы есеп жүргізіп, барлығын төледім. Көп сома деуге келмейді. Тәжірибем де тоқтап тұр. Ресми түрде жұмысқа орналасу керек, бірақ кәсіби бокста жүргендіктен, ол әзірге мүмкін болмай тұр. Мен өз елімде жұмыс істеуге, өскелең ұрпақпен тәжірибемді бөлісуге дайын болдым. Ешқандай өкпе жоқ. Қазір бәрі жақсы. Жақында шаршы алаңға ораламын деп үміттенемін, - деді кәсіпқой боксшы.
Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің өзі АҚШ-та бола тұра, Қазақстанда жаттықтырушының жалақысын алып жүргені жайында ақпарат тараған болатын.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?