2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр"KURYLYS LTD" ЖШС құрылтайшысы Данияр Әлпиевтің туыстары Қарасай ауданының прокуратурасына барғаннан кейін үйіне оралмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бақытгүл Әбікенованың (Әлпиевтің әпкесі) айтуынша, ол Қарасай ауданының прокуратурасына айғақ беруге барғаннан кейін ұсталған.
"Алтын Орданың" негізін қалаушы Алтынбек Әлпиевтің ұлы және акционер болып табылатын ағам Данияр Әлпиев қамауға алынды. 20 желтоқсан күні таңғы сағат 10-да ол Қарасай ауданының прокуратурасына № 3 павильон құрылысына куә ретінде куәлік беру үшін барды. Барлық құрылыс материалдары төленді, бірақ жаңа басшылық құрылысқа мүмкіндік бермей отыр. Сағат 13:10-да ол уақытша ұстау изоляторына қамаулды, - деді Әбекенова.
Әлпиевтің әйелі Алмагүл Мергенбаеваның айтуынша, "Алтын Орда" базарының қалыптасу кезеңінде оның қайын атасы барлық мүлікті сатқаннан кейін вагонда өмір сүрген.
Бұл қандай да бір тәртіпсіздік. Менің ойымша, бізден кезекті рет базарды тартып алуға тырысып жатыр, - дейді Мергенбаева.
2022 жылдың ақпан айында сауда және интеграция министрлігі "Алтын Орда" базарының аумағы "Kurylys LTD" ЖШС-не тиесілі екенін, оның құрылтайшысы және басшысы Болат Назарбаев болғанын хабарлаған. Данияр Әлпиев 2000 жылдардың басында оның әкесі Алтынбек Әлпиев базарға иелік еткенін айтқан. 2007 жылы ол қайтыс болып, базарды Болат Назарбаев рейдерлік жолмен алып кеткен көрінеді. Қаңтар оқиғасы мен базардағы көптеген тексерулерден кейін тауарлар жоғары бағамен сатылатындығы анықталған.
Қазір "Алтын Орда" базарының тең иесі саналатын Данияр Әлпиев алаяқтық жасады деп күдікке ілініп отыр. Оның өкілі Әлібек Алмабаев айтуынша, Әлпиевке "Алтын Орда" базарында павильон салу кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылған.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова