30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді. Нигериядан шыққан Даниэль Алматыда өскен. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.
Ағылшын тілін білемін, бірақ менің ана тілім – қазақ тілі, – дейді Даниэль Джеймс.
Қазақстанды өзінің туған үйіндей көретінін айтқан Даниэль еліміздің қонақжайлығына тәнті. Оның айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда өздерін жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.
Мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен мейірімділігі мені әрдайым қуантады. Көшеде келе жатқанда кейде адамдар менімен суретке түсуді сұрайды, бәлкім түр-әлпетім ерекше көрінетін болар. Бірақ мен оларға: «Келіңіздер, бірге суретке түсейік», – деймін. Сонда олар қатты таңғалады, – деп күлді Даниэль.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды