2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай30 наурызда Шымкентте «ДәмДәсTour» гастрономиялық фестиваль өтеді. Дәстүрлі фестиваль аясында «Ең үздік палау», «Ең үздік кәуап», «Ең үздік самса» және «Ең үздік қуырдақ», яғни ең үздік ұлттық тағамдар анықталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігі іс-шарада көпшілік еліміздегі «Ең үлкен самсаның» әзірленуіне куә болатынын атап өтті.
Фестиваль тек дәмді тағамдармен шектелмейді. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама, әуе шарларының әсем көрінісі, мотобайкерлер шеруі мен «Мото шоу», спорттық автомобильдер көрмесі, қолөнершілер жәрмеңкесі және «Fire шоу» көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы айтқанда, Шымкент – Орта Азияның гастрономиялық астанасы атанбақ.
Аталған фестивальге байланысты 29 наурыз күні сағат 17.00-ден бастап, 30 күні Әл-Фараби алаңында көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
Фестиваль 30 наурыз«Әл-Фараби» алаңында сағат 11.00-де басталады.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат