6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, бұл «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген.
Айта кету керек, заң ережелері ауылшаруашылық өсімдіктеріне, сондай-ақ жеке және қосалқы шаруашылықтарда, бақтар мен бақшаларда өсетін өсімдіктерге қолданылмайды.
Өсімдіктер дүниесін пайдалану жалпы және жеке тәртіппен жүзеге асырылады: жеке және үйде пайдалану үшін тегін, ал коммерциялық мақсатта арнайы пайдалану үшін ақылы, - деді Ерлан Құтпанбаев.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың жергiлiктi өкілетті органының шешімімен бекітілген лимиттерде жеке және заңды тұлғалар жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік шикізатты және басқа да өсімдік ресурстарын жеке шаруашылық қажеттіліктері үшін өтеусіз жинауға құқығы бар. Жинақ мөлшерлемесі геоботаникалық және ресурстық зерттеу материалдарына түгендеу негізінде белгіленеді. Әр аймақ үшін олар әртүрлі болуы мүмкін.
Заңның негізгі жаңалығы – өсімдіктер дүниесінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында хабарлау тәртібін белгілеу. Отандық кәсіпкерлік субъектілері өсімдік әлемін фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық өнімдерді өндіру үшін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын заңды түрде ұтымды пайдалана алады деген сөз, - деді Ерлан Құтпанбаев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі