12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматы облысында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Органикалық және карбондық егіншілікті дамыту: тұрақты ауыл шаруашылығы» атауымен "Дала күні" өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет басшысының климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында өткізген іс-шарада көміртегі егіншілігін ілгерілету, топырақ құнарлылығын арттыруға арналған инновациялық тәсілдер, сондай-ақ органикалық ауыл шаруашылығын қолдаудың институционалдық тетіктері талқыланды.
Бұл ауқымда басқосуға Жетісу, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарынан, Ауыл шаруашылығы министрлігінен, ғылыми-зерттеу институттарынан, жоғары оқу орындарынан және халықаралық ұйымдардан сарапшылар мен мамандар қатысып, өзара тәжірибелерімен алмасты.
Шара қорытындысында елімізде органикалық және карбондық егіншілікті дамыту бойынша нақты ұсыныстар мен іске асыру жолдары көрсетілген арнайы резолюция қабылданып отыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер