30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «DALA DAUYSY» республикалық конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі және гала-концерт өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конкурс мақсаты - ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі, классикалық, эстрада және театр өнері жанрында жаңа туындылардың авторларын қолдау.
Конкурсқа 5 номинация бойынша 15 сыйлық және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2 арнайы жүлдесі тағайындалды.
Биыл конкурсқа қатысу үшін 1 сәуір мен 1 қараша күндері аралығында 154 өтінім келіп түсті.
Конкурсқа соңғы екі жылда жазылып, көпшілік алдында жарияланбаған қазақстандық композиторлар мен жазушылардың шығармалары қабылданды.
Жеңімпаздар мен лауреаттарды Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен арнайы құрылған қазылар алқасы жабық түрде анықтады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды