22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі, классикалық, эстрадалық және театр өнері жанры бойынша шығармаларды жарыққа шығаратын авторларды қолдау және насихаттау мақсатында республикалық «DALA DAUYSY» конкурсын жариялады. Шығармашылық байқаудың жалпы жүлде қоры – 47 млн теңге, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық конкурс мәдени мұрамызды сақтау, қайта жаңғырту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелейтін жаңа туындылар авторларын қолдау мақсатында өткізіледі.
Байқау 5 номинация бойынша 15 сыйлықты қамтиды. Олар: «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (эстрада жанры), Мәдениет және ақпарат министрлігінің екі арнайы жүлдесі қарастырылған.
Жеңімпаздар мен лауреаттарды жабық тәртіп бойынша арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. Оның құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кірді. Конкурсқа соңғы екі жылда жазылып, көпшілік алдында жарияланбаған қазақстандық композиторлар мен жазушылардың шығармалары қабылданады. Жоба көпшілік қауымға заманауи өнердегі жаңа есімдерді таныстырмақ, - деп атап өтті министрліктен.
Өтініш қағаз түрінде 2024 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанға дейін Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев көшесі 8/1 мекенжайындағы № 229 кабинетте қабылданады.
Жеңімпаздар 2024 жылдың қазан айында марапатталады.
Конкурсқа қатысты қосымша ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан алуға болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев