2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр. Әзірге ел қоржынында бір алтын жүлде бар. Байрақты бәсекеде ел намысын 18 спортшы қорғап жатыр.
Кімдер өнер көрсетті?
Дүбірлі додаға 2000-нан астам спортшы қатысады. Қазақстандықтар 11 спорт түрінен сынға түсіп жатыр. Жарыстар Дакар, Диамниадио және Сали қалаларында өтеді. 2 қараша күні дзюдодан 52 келі салмақта татамиге шыққан Фатима Сұпығалиева жастар Олимпиадасының алтынын алқалады.
Одан бөлек, 3 қарашада жүзгіш Анатолий Руденко өнер көрсетті. Ол 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға шығып, екі рет алтыншы орын алды. Тағы бір отандасымыз Дарья Чеснокова әйелдер арасында 100 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде бақ сынады. 1:07.60 уақыт нәтиже көрсетіп, бесінші орын алды.
Жағажай волейболынан ел намысын қорғаған Оразалы Сағыныш пен Әлихан Ағабек 1/8 финалға шығып, Иран құрамасына жол берді. Олар топтық кезеңде сәтті өнер көрсетті. Алғашқы айналымда Сауд Арабиясы мен Гананы 2:0 есебімен жеңіп, Аустралиядан жеңіліп қалды. С тобынан екінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті. Десе де 1/8 айналымда Иран құрамасынан 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
Жүлде ілуге мүмкіндік бар ма?
Алдағы күндері Қазақстан құрамасының басқа да спортшылары жарыс жолына шығады. 5 қарашада триатлоншы Рамазан Әйгенов, 7-12 қарашада боксшылар (Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Әшірбай) шаршы алаңға шығады. 8-10 қарашада жеңіл атлеттер Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру) мен Максим Сажнев (диск лақтыру) өнер көрсетеді. Дәл сол күндері велошабандоздар Әнел Тәшбай мен Глеб Новиков бақ сынайды. 11 қарашада таеквондошы Любовь Юн Дакар даянгына шығады.
Семсерлесуші Айбар Қайым 8-13 қараша аралығында өнер көрсетсе, 12-13 қарашада брейкинг шебері Айзара Жұмабекова жарыс жолын бастайды. Спорттық гимнастикадан Андрей Терман 7 қараша іріктеуді бастаса, 8 қарашада Ева Тациева бақ сынайды. Екеуі 11 қарашада аралас командалық жарысқа қатысады.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс