Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚұқық қорғау органдарының ұсынысы негізінде Telegram мессенджері Дағыстан мен Шешенстанда бұғатталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Telegram-ды Солтүстік Кавказ федералды округінің екі өңірінде — Шешенстан мен Дағыстанда — бұғаттау туралы шешім құқық қорғау органдарының ұсынысы негізінде федералдық деңгейде қабылданды. Оны жиі қарсыластар пайдаланады, бұған Махачқала әуежайындағы тәртіпсіздіктер дәлел бола алады. Мүмкін, болашақта Telegram қайта іске қосылар, — деді ол.
Гамзатов әйгілі мессенджердің баламаларын пайдалануды ұсынды.
Әзірге жақсы баламалар бар, мысалы, «ВК», — деп толықтырды министр.
Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Махачқала әуежайында Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығуына байланысты Тель-Авивтен келген тұрақты рейстің келуі кезінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Тәртіпсіздікке қатысушылар Уйташ халықаралық әуежайының мүлкіне зақым келтірді. Биліктің 30 өкіліне қарсы заңсыз әрекеттер жасалып, олардың 23-іне әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттары келтірілді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар