2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Интернеттегі әртүрлі курстар туралы көп естідіңіз бе? Бүгінгі таңда оқу платформалары өте көп. Қазақстандық еңбек нарығы үшін арнайы Skills Enbek – электрондық еңбек биржасы жүйесіндегі дағдылар маркетплейсі жұмыс істейді.
Әзірлеушілердің мәлімдеуінше, бұл платформа – жұмыс күшінің біліктілігін жаппай арттыру, мансаптық дамуды ынталандыру және «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету алаңы.
Негізінде, платформа халықаралық платформалардың аналогы болып табылады – адам өзін қызықтырған курсын (ақылы да, ақысыз да бар), оқу тілін таңдайды және өз бетінше оқи алады, бұл жерде тек өзін-өзі тәрбиелеу маңызды, өйткені әрбір келесі сабақты өзі қалаған уақытта оқуына болады.
Нәтижесінде сертификат беріледі. Ол тек қағаз жүзіндегі сертификат қана емес, сонымен қатар Электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеде көрсетілетін болады.
Қазір платформада 150-ге жуық курс бар және платформаны дамыту қарқынды жүруде. Сондықтан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек ресурстарын дамыту орталығы курс авторларын іздейді – ол үшін тікелей порталда тіркеу ашық әрі қолжетімді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс