2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Дәурен Абаев музыкант және дирижер Марат Бисенғалиевке «Барыс» орденін табыстады, деп хабарлайды El.kz.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес III дәрежелі «Барыс» орденімен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, виртуоз-скрипкашы Марат Бисенғалиев марапатталды. Жоғары мемлекеттік марапатты Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыс етті.
«Марат Сәметұлын бүкіл әлемдегі миллиондаған музыка сүйер қауым біледі және жоғары бағалайды. Сіз асқан шеберлігіңіздің арқасында АҚШ, Еуропа және Азияның ең беделді алаңдарын бағындырдыңыз. Бұл биік марапат ерен еңбегіңіздің тағы бір дәлелі», - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, Марат Бисенғалиев Бирмингем консерваториясының профессоры, AAPRO Азия-Тынық мұхит өңірі оркестрлері Альянсы директорларының бірі.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс